Еліміздің дамуына ҮЕҰ арналған сыйлықақысының үлесі

ҮЕҰ арналған сыйлықақы – бұлүкіметтік емес сектор ұйымдарына әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін 15 маңызды бағыттар бойынша берілетін мемлекеттің қолдау тетігінің бірі болып табылады.

Жобаның мақсаты - ҮЕҰ-ы республикалық, салалық және аймақтық деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін мадақтап, марапаттау.

ҮЕҰ арналған сыйлықақысы ҮЕҰ-дың қызметін ынталандыру ретінде 2017 жылдан бастап енгізілді. Бұл ҮЕҰ әлеуетін, материалдық және адами ресурстарды дамыту мен нығайтудың, әлеуметтік тиімді жобаларды іске асыруға деген ынтаны арттырудың нақты мүмкіндігі.

4 жыл ішінде сыйлықақыны 223 ҮЕҰ  иеленді. ҮЕҰ сыйлықақысына ұысынылған  өтінімдер мемлекеттік органдары, халықаралық ұйымдары, танымал қоғам қайраткерлері мен ҮЕҰ сыйлығының тиісті бағыттары бойынша сарапшылардан тұратын сараптама комиссиясында қаралады.

Сыйлықақыға өтінімдер әр жылдың 1 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

2017 жылы байқауға 15 бағыт бойынша барлығы 216 өтінім келіп түсті. Барлық ҮЕҰ өтінімдерін жұмыс органының 66 сарапшысы бағалады. Нәтижесінде 59 ҮЕҰ жеңімпаз деп танылды.

2018 жылы байқауға барлығы 196 өтінім келіп түсті. Барлық өтінімдерді мүдделі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың арасынан 74 сарапшы бағалады. Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында өткен марапаттау рәсімінде 63 ҮЕҰ жеңімпаз атанды.

2019 жылы барлығы 134 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 14 өтініш келесі себептер бойынша қабылданбады:

  1. ҮЕҰ базасында болмауы - 9 өтініш;
  2. ҮЕҰ филиалдарының өтініштері - 3 өтініш;
  3. құжаттар пакетінің толық болмауы - 2 өтініш.

120 өтініш қарауға қабылданып,  нәтижесінде 63 ҮЕҰ жеңімпаз деп танылды.

2020 жылы елдің барлық аймақтарынан келіп түскен 109 өтінімдерді 63 сарапшы қарауға қабылдады. Өтініштердің ең көп саны халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау бағыттары бойынша - 24, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға жету - 14, азаматтық қоғамды дамытуға арналған - 11, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруды қоса алғанда, азаматтық қоғамды дамытуға көмек - 10 өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 38 ҮЕҰ жеңімпаз деп танылды.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдау басталды

2021 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдауда.

Дәстүр бойынша өтінімдерді қабылдау «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабында белгіленген 15 бағыт бойынша жүзеге асырылады, сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы Ережелері негізінде беріледі.

Айта кетсек, 2017 жылдан бастап еліміздің қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан 223 ҮЕҰ сыйлық иегері атанды.

Биылғы жылы да республика аумағында тіркелген және ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсынған әрбір ҮЕҰ өтінім қалдыра алады.

Құрметті ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, егер Сіздің ұйымыңыз белсенді жұмыс жүргізіп, халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге атсалысса, келесі құжаттарды ұсына отырып, сыйлық алуға өтінім беруге шақырамыз:

1) ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген «ҮЕҰ-ға сыйлықақылар беру қағидаларына» (бұдан әрі-Ереже)1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮЕҰ-ға сыйлықақылар беру конкурсына қатысуға өтініш;

2) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

3) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (ҮЕҰ), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

5)марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмелері (болған жағдайда);

6) ізденушінің немесе ізденуші туралы мақалаларының, жарияланымдарының көшірмелері (бар болса);

7) құрылтай құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.

Сонымен қатар, өтінім берген кезде міндетті түрде мыналарды ескеру қажет:

- бір ҮЕҰ-ны сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық ұсынуға болмайды;

- сыйлық алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алуға қайта ұсынуға жол берілмейді.

Сыйлықақы алуға ҮЕҰ ұсыну туралы өтінімдер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекті қоса алғанда (сағат 18:30-ға дейін) ueu_syilygy@qogam.gov.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайы арқылы және (немесе) қолма-қол ныысанда қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде не DOC, DOCX, PDF форматында USB-флэш-жинақтаушыларда) беріледі.

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 02 17, 74 09 97, 74 05 11;
+7 (702) 376 84 00, +7 (705) 101 59 05, +7 (702) 714 63 24.

Сіздерді күтеміз және конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңға сілтеме - http://10.61.42.188/kaz/docs/Z050000036_

Сыйлық беру ережелеріне сілтеме - http://10.61.42.188/kaz/docs/V1800017041