Құқықтық сана – қауымға пана

Арнайы жоба «Құқықтық сана – қауымға пана»

Жобаның мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының деңгейін арттыру, құқықтық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • Құқықтық білім беру негіздерін танымал ету бойынша кең ақпараттық науқан өткізу.
  • Еңбек ұжымдарында құқықтың түрлі аспектілері бойынша оқыту дәрістерін ұйымдастыру және өткізу.
  • Құқық бұзылған жағдайда қабылдануы қажет іс-әрекеттер бойынша халықпен мастер-класс ұйымдастыру және өткізу.
  • Құқықтық мәселелер бойынша өңірлерде семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
  • Халықтың құқықтық санасын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруға ҮЕҰ өкілдерін тарту.
  • Құқықтың түрлі салалары бойынша білім беру және тәжірибелік-бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу.