Жаңалық

Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілінің тілдік ерекшелігін сақтау маңызды – ғалымдар

Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша берген тапсырмасын орындауда еліміздің барлық сала мамандары өз ойларын ортаға салып, қызу талқылап жатыр. Үкіметтің әліпби қабылдаудағы ашықтығының арқасында кез келген адам өз ойын білдіруге құқылы. Ал осы орайда еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының латын әліпбиіне ауысуға қатысты көзқарасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Кеңшілік Тышқан, доцент: Қазақ тілінің тілдік ерекшелігін толық сақтау маңызды

https://baq.kz/storage/e9/e91aa1de756692d7462028b84638b8bd.jpg” style=”margin-left: 10px; margin-right: 10px; height: 350px; width: 300px; float: left;” />Қазірде елімізде әліпби ауыстыру үрдісі басталып кетті. Осы үрдіске байланысты қоғамда әр түрлі пікір айтылуда. Жалпылама алып қарағанда бұл үрдісті қолдайтындардың қарасы басым. Себебі қазіргі заманның ағымына бейімделіп, қазақ тілінің қосымша тынысын ашу үшін латын әліпбиіне көшу орынды болмақ. Оның үстіне түбі бір түрік елдерінің барлығы осы алфабитті қолданады. Сондықтан олардың мәдени-рухани, экономикалық қатынастарында да бір әліпбиді қолдану оң әсерін берері даусыз. Алайда біздің еліміз өзге туыстас елдер сияқты асығыс шешім қабылдаған жоқ. Жылдар бойы саралап, ойланып, ақылдасып барып осы қадамға барып отыр.

Латын әліпбиінің нұсқасын таңдауда да халық болып атсалысып, ел болып талқылап, өз ұсыныстарын беріп жатыр. Өйткені кейбір түбі бір түркі ағайындарымыз өздерінің төл дыбыстарын жоғалтып алды. Мұндай кемшілікке жол бермеуіміз қажет. Оның үстіне қазақ тілінің тілдік ерекшеліктерін толық сақтау да маңызды. Болашақ ұрпақтың тілін бұрайтын, жазғанда көркемдігі жоқ, қазақ тілінің төл заңдылықтарына қайшы келетін кейбір олқылықтар түзетіліп те жатыр. Әлі де болса соңғы нұсқаны айқындадық деуге келмейді. Бірақ жақын арада белгілі боларына күмән жоқ. Ең бастысы өркениет көшінен қалмай, ғылым мен технолгияның тіліне жақындап, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін бұл істі жаппай қолдасақ болғаны.

Гүлнәр Мұсабалина, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі: Латын әліпбиіне көшу – отан тарихында өте маңызды қадам

https://baq.kz/storage/f2/f2b83106858e537f183ee95dffbcab77.jpg” style=”margin-left: 10px; margin-right: 10px; height: 350px; width: 300px; float: right;” />

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті Жолдауында мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарылып келеді, қазақ тілін кеңінен қолдану үшін кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек деген болатын. Сол бағытта қолға алынған маңызды жобалардың бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі.

Еліміздің латын әліпбиіне көшуі отан тарихында өте маңызды қадам екені анық. Бұл жылдар бойы ой елегінен өткізіліп, мамандардың нақты ұсыныстары бойынша жүзеге асырылып жатқан ғылыми жоба. Сондықтан латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын.

Бұған қоса айта кететін болсам, тағдырлас болған кейбір посткеңестік елдердің де латын әліпбиіне көшуі кездейсоқтық емес. Өйткені латын әліпбиі әлемдік деңгейде басымдыққа ие. Бұл еліміздің халықаралық қарым-қатынастар саласына еркіндік беріп, әлемдік бәсекеге қабілеттілікті арттыратыны анық. Сонымен қатар негізгі ұтымдылық ретінде еліміздің тілі ауыспайды, тек таңба ауысады. Бұл ғылыми тұрғыдан қарастырғанда аса қиындық тудырмайды. Өйткені осы уақытқа дейін мамандар тарапынан латын әліпбиіне көшу мәселесінің іргетасы қаланып келді. Ал білім саласындағы жаңа реформа жобаның жүзеге асырылуына өз үлесін қосады.

Күлзира Ысқақова, профессор, Университет ардагерлері кеңесінің төрайымы: Латын әліпбиінің болашағы зор

https://baq.kz/storage/57/576a830069801435c36de83418515838.png” style=”height: 350px; width: 300px; margin-left: 10px; margin-right: 10px; float: right;” />Латын әліпбиіне көшуді мен қос қолымды көтеріп, қолдаймын. 1968-1973 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің (ол кезде С.М.Киров, қазіргі Әл-Фараби атындағы) тарих факультетінде оқыған кезімізде бізге 3 жыл бойы латын тілі оқытылып, соңынан мемлекеттік емтихан тапсырған едік. «Бұл ешкім қолданбайтын, өлі тіл бізге неге керек?», – деп оқытушыларымыздан сұрағанымызда, ол кісілер терең ой тұңғиығына батып, жүздерін мұң басып: «Әлі-ақ бұл әріппен жазылғандардың бағы ашылар, ата-бабамыздан қалған тамаша жәдігерлерді де оқитын күн туар» деуші еді.

Міне, ХХІ ғасырдың басында ел Президенті, ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толықтай көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы әріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Бұл қадам болашақ үшін маңызды екеніне сенемін. Себебі, бүгінде кириллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын заман талабына сай ағылшын тілі басты. Өйткені, ол өзінің қажеттілігін мойындата білді. Латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ. Әрі бұл қадам – ата-бабаларымыздың алдындағы парызымыз, олардың армандарының орындалғандығы!

Зылиха Ибадуллаева, Археология және этнология кафедрасының доценті: Латын әліпбиіне көшу арқылы әлемде елдігімізді таныта аламыз

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу идеясын қолдаймын. Латын әліпбиіне көшу арқылы жаһандық әлемде елдігімізді таныта аламыз. Сол арқылы халықаралық аренаға шығуымызға септігін тигізеді. Нәтижесінде еліміздің халықаралық аренада рухани, мәдени және ғылыми айланыстағы ынтымақтастығы қазіргіден де нығайып, әлемдік өркениетте алдыңғы қатарлы елдердің бірі боламыз.

Бүгінгі бәсекеге қабілеттілік жағдайында болашақ ұрпақ үшін ағылшын тілін тез меңгеруде де латын әліпбиінің алар орны ерекше.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы тапсырмасын орындау негізінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесінде қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиін даярлау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, олар Президентке әліпбидің екі нұсқасын таныстырған болатын.

Ержан Жаубай

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button