«Латын әрпі – ұлттық кодымызды өркендетудің жолы» Манифесті
Бүгін Астанада Елбасы тапсырмасымен қолға алынған “рухани жаңғыру” бағдарламасы аясындағы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдау бойынша қоғам белсенділері – Ғалым Байтұқ, Ерлан Саиров, Динара Сәтжанның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Латын әрпі – ұлттық кодымызды өркендетудің жолы» Манифесті таныстырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Назарларыңызға 25-ке жуық адам қол қойған Манифестің толық нұсқасын ұсынуды жөн көрдік.
«Латын әрпі – ұлттық кодымызды өркендетудің жолы» Манифесті
Біз жылдам да, өзгермелі, динамикаға толы заманда өмір сүрудеміз: атқан әрбір таңымыз тосын жаңалық әкеліп, оны дереу шешудің талабын қоюда.
Әлемдегі болып жатқан өзгерістер легі шапшаң. Біз жоғары технология мен ақпараттар әлеміндеміз, бұл жағдай бізден тез іс-қимылдар ғана емес, уақыттан оза іс- әрекет жасауды талап етеді.
Сондықтан біз, бүкіл азаматтарды, ұлттық кодымызды сақтау және өзіндік сана-сезімімізді дамыту сияқты бірінен бірі ажырамас ұғымды байланыстыра отырып алдарына қойған мақсат пен мұрат көкжиектерін кеңейтуге шақырамыз.
Бүгінгі заманымыздың басты тенденциясы – инновацияларды еселене пайдалану мен ноу-хау, дәстүрлі емес энергияны пайдалану, қоғамдық даму мен әлеуметтік модернизациялаудың басты өзегі болып табылады.
Біздің балаларымыздың осындай жылдам да, өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болуы жеткіліксіз, олар осы оқиғалар мен үдерістердің қайнаған ортасы мен топ басында болуы шарт.
Сондықтан да, латын әрпін енгізу ұлтымыз үшін маңызды, өте қажетті, уақыт талабына сай келетін жаңа атрибут деп санаймыз.
Бүгінгі елімізге ұлтты жұмылдыра алатын, замануи ағымға сәйкес, жаңа бағыттағы рухани ағым қажет.
Бұл жерде біз мәдениет пен өнер, әдебиет пен кино, музыка мен шынайы шығармашылық саласын бірінші кезекке қойып айтып отырмыз.
Латын қарпін енгізудің ең басты мәйегі мен өзегі, оның басты драматургиясы осында жатыр!
Жаһандану процессі өзінің жағымды жақтарымен қатар, ұлттық мәдениетті коррозияға ұшырата отырып, рухани әлемімізге өшпес сызат түсіретіндігін көрсетіп отыр!
Осындау рухани алапаты көп заманда өмір сүріп қана қоймай, қарышты даму үшін әрдайым даму үстінде болу шарт.
Біз әлемдік мәдени кеңістігінде рухани-мәдени «геттоға» айналмауымыз керек!
Латын әрпін енгізудің мән-жайы осындай күрестен туады!
Сонымен бірге, біз бұл процестің кешенді ғылыми таразыға салынып, халықпен кеңесе отырып, жүйелі түрде өмірге ендіру қажет деп есептейміз.
Латын әрпі – біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми айналымға ену жолындағы «рухани лифті», іргетасы болмақ.
Біз азаматтарымыздың болашағын қолдайтындықтан, латын қарпін қолдаймыз!
Болашағыңа ат салыс!
Естеріңізге сала кетейік, осы жиында Динара Сәтжан еліміздің латын әліпбиіне өтуі туралыhttps://baq.kz/kk/news/ruhani_zhangiru/dinara_satzhan_latin_alipbiine_otu_kazak_pen_shala_kazakti_biriktiredi20170920_123100” rel=”nofollow”> өз көзқарасын айтқан болатын.