Жаңалық

LATYN-KERŶENІ жолға шықты

12 тамыз күні «Латын керуені» көшпелі семинар-тренингтердің ашылу салтанаты өтті.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №637 Жарлығын қолдау және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс шаралар жоспарына» сәйкес халықты жаңа қазақ әліпбиіне үйрету, азаматтардың қазақ тілін латын графикасына көшірудің негізгі аспектілері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

Семинарға лекторлар ретінде «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» мәдени және рухани даму институтының ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., абайтанушы, ғалым Омар Жәлел шақырылды.

Латын әліпбиіне көшу қажеттілігін түсіндіріп өткен Оразкүл Асанғазықызы әр халық үшін ең маңыздысы тілі, тарихы мен дәстүрлері екенін атап өтті:

Мемлекетіміз үшін мұндай маңызды қадам халықтың қолдауынсыз жасалуы мүмкін емес. Сондықтан латын қарпіне көшу мерзімін сәтті өтуі, мемлекеттік тілдің өміріміздің барлық салаларына енуі халықтың осындай бастамаларға қолдау көрсетуімен тікелей байланысты. Қазіргі таңда осы мақсатта тұрғындармен кездесулер өткізіп, латын қарпіне көшу кезеңдерін және бұл үрдістің еліміз үшін маңыздылығын түсіндірудеміз. Халық еліміз үшін ең маңыздысы мемлекеттік тіл екенін түсінуі қажет. Тұрғындарға осы мәселелер жөнінде айтудамыз.

Омар Жәлел өз алдына латын қарпіне көшкен түркі тілдес мемлекеттердің тәжірибесі жөнінде баяндады.

– Латын қарпіне көшу уақыт пен мұқият зерттеуді қажет ететін ұзақ үрдіс. Бүгін Қазақстан латын жазуын қолданатын басқа елдердің тәжірибесін ескеріп, өз дамуындағы жаңа белестерге жетелейтін жаңа қадамды жасау үстінде, – деп атап өтті ғалым.

Ағымдағы жылдың 12-27 тамыз аралығында «Латын керуені» көшпелі семинар-тренингтер облыс аумағының 12 ауданында, қалада және ауылдық елді мекендерде өтеді.

Батыс Қазақстан облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button