Жаңалық

Лондон, Мадрид, Париж қалаларындағы тұсаукесер

    Қазақстанның таңдаулы алпыс жазушысы мен ақындарының шығармалар аудармасы «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақ мәдениеті» жобасы аясында жүзеге асырылды. Өз кезегінде аталмыш жоба Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жазылған «Рухани Жанғыру» бағдарламасының бір бағыты болып табылады.

Жоба әлемдік қоғамдастықты қазіргі заманғы қазақ әдебиеті мен бейнелеу өнерінің, музыка мен театрдың және киноның жетістіктерімен таныстырады. Антологияның аударма және дайындау жұмыстары Кембридж университеті баспасының, Сервантес Институтының, Париж қалалық мэриясының, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті баспасының, ҚХР Ұлттар баспасының, Мысырдың мәдениет және ағартушылық орталығының қатысуымен жүзеге асырылды.

Қазақ әдебиетінің топтамалары әлемнің 93 еліне таратылып, әдебиет жауһарларымен 2,6 миллиард адам таныса алады.

Бірегей әдеби жинақты Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысыАида Балаева таныстыратын болады.

    Ағылшын, араб, қытай, орыс, француз және испан тілдерінде жарық көрген қазақ әдебиетінің топтамалары әлемнің 93 елінің кітапханалары, оқу орындары мен академиялық орталықтары арасында таратылады. Бұл дегеніміз – қазақ әдебиетінің жауһарларымен өз ана тілінде шамамен 2,6 миллиард адам таныса алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button