Жаңалық Редакция таңдауы

Мәдениет, өнер және туризм бағыттарына 25 Президенттік стипендия бөлінді

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына Президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Биыл Министрлікке бағынысты оқу орындарына 25 Президенттік стипендия бөлінді. Оның 24-і бакалаврларға, 1-і магистранттарға.

Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4, Қазақ ұлттық өнер университетіне – 12, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 4, Халықаралық туризм және меймандостық университетіне – 4 Президенттік стипендия бөлінді. Ал, магистратураға арналған Президенттік стипендия Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасына берілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button