Жаңалық
Редакция таңдауы
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдау өткізді
Министрмен кездесуде азаматтық қоғам секторының өкілдері қоғамда белсенділікті дамыту, журналистердің біліктілігін арттыру, жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосу, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, ұлтаралық қатынастар, сондай-ақ дін және басқа да салалардағы жобаларды жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Министр барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап берді, сонымен қатар барлық ұсыныстар жан-жақты зерттеліп, ескерілетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша алдын ала жазылу бойынша тұрақты түрде қабылдайды.