Жаңалық Редакция таңдауы

Мәдениет және ақпарат министрі Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Жиында Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын тыңдап, елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, елдің бірлігі мен тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтарды ілгерілету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ А.Балаева Мемлекет басшысының Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында мәдени мұраны сақтау және зерделеу, елдің өзіндік ерекшелігін көрсететін және ұлттық мүдделерге сәйкес келетін кітаптардың шығарылымын ұлғайту мәселелері бойынша ақпарат берді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button