Жаңалық

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі құрылды

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесін құрды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Қоғамдық кеңестің құрамы толығымен азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады, олардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері бар. Оның құрамына 21 адам кірді.

Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес Қоғамдық кеңес құрамына кандидаттардың резервтік тізімі де құрылды.

Айта кетейік, Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Қоғамдық кеңестің міндеттері – шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button