Жаңалық Редакция таңдауы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қайта құрылуынан кейінгі алғашқы коллегиясы өтті

Фото: Арман Мұхатов

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Жиында министрліктің 2023 жылғы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, 2024 жылға арналған міндеттері айқындалды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Алқа отырысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті. Министрдің айтуынша, мәдени сала мен журналистика жаңа деңгейге көтеріліп, министрліктің азаматтық қоғам институтымен жұмысы күшейе түспек.

«Бүгінгі алқа отырысының мақсаты – салалық жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларды пысықтау», - деп атап өтті министр Аида Балаева.

Ашық форматта өткен отырыста сала жетекшілері мен қатысушылар өз бағыттары бойынша мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік алды.

Жиын барысында Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов министрліктің осы жылғы жұымысы қазақ рухани өміріне аса маңызды ұйымдарының 90 жылдық мерейтойы аясында өтуі керек екенін айтты.

«Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ руханиятының ренессансы болды. Ел 1932-1933 ж. аштықтан кейін есін жиып, ұлтымыздың рухани байлығын бір ортаға жинақтап, жаңаша кезеңге бет бұрған сәт еді. Осыдан тура тоқсан жыл бұрын ұлттық рухымыздың ақ көгершініндей дүниеге «Қазақ Әдебиеті» газеті келді. Біздің сол жылдардағы ұлы тұлғаларымыз, қаламгерлеріміз Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовтер жаңа ғана дүниеге келген «Қазақ Әдебиеті» редакциясын көркем сөзіміздің шығармашылық штабына айналдырды. Қазақ жазушыларының одағын құруға жұмыстанды. Екі айдан кейін 12-18 маусым аралығында Алматы қаласында Қазақстан жазушыларының бірінші құрылтайы өтіп, «Жазушылар Одағы» құрылды. Оның бірінші төрағасы Ілияс Жансүгіров болды. 2024 жыл – қазақ рухани өмірінде аса маңызды ұйымдарының 90 жылдық мерейтойы аясында өтуі керек. Осы мерейтой қазақ руханиятының өткені, бүгіні және болашағы туралы келелі әңгімеге ұласуы тиіс», - дейді.

Оның айтуынша, кейбір кезеңдерде іркілістер болып, қазақ өнері мен әдебиеті тоқырап қалған кездері де болған, дегенмен мемлекетіміз өз мәдениетін заманауи тұрғыда өркендетуге айтарлықтай ауқымды жұмыс тараптап жатыр.

«Бүгінгі таңда қазақ театры мен музыка өнерін әлемге танытуда, әдебиетіміздің ең үздік үлгілерін басқа тілдерге аударуда жаңа бағдарламалар дүниеге келді. Осы мақсатта мемлекеттің мәдениетін қамқорлыққа алатын басты мемлекеттік орган – Мәдениет және ақпарат министрлігі қайта құрылды. Демек, қазір біздің көпсалалы мәдениетімізді өркендететін және насихаттайтын – министр. Бүгінде Қазақстандағы бүкіл шығармашылық одақтар, жазушылар, музыканттар, киногерлер, суретшілер мен сәулетшілер, кітапханашылардың барлық игі шаралары осы жаңа министрліктің қолдауымен жүзеге асып отыр. Мысал үшін айтқанда, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық та, қаржылай да жағдайлары жақсарып қалды. Талантты жазушылар мен ақындардың төл туындылары да назардан тыс қалған емес. Мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Ал жыл сайын өтетін «Айбоз» бәйгісінің жөні бөлек», - дейді Мереке Құлекенов.

Сондай-ақ Мереке Құлекенов Қазақстан Жазушылар Одағы өз тарапынан министрге айтқан тың бастамалары талқыға салынып, қолдау тауып отырғанын айтты.  

«Айталық, мен өзім Мәдениет туралы заңға жазушы мәртебесін енгізу туралы ұсынысты толық қолдаймын. Сонымен бірге баспа мен әдеби редактор туралы да тармақ енгізуді ұсынамын. Өйткені соңғы кезде баспа да, редактор да, кітап шыққан бойы ұмыт қалады. Әсіресе, әдеби редактор деген мамандықтың мәртебесін көтеретін уақыт әлдеқашан жетті», - деді ол.

Сондай-ақ министрлік жаңа жағдайдағы жұмысының басым міндеттерін белгіледі.

«Сөз жоқ, министрліктің қайта құрылуынан кейінгі бұл біздің алғашқы коллегиямыз. Екі үлкен идеологиялық саланың басын біріктірген маңызды қадам, әрине, мемлекеттің алдына мүлдем басқа, тың мақсаттарды шығарып отыр. Сол себепті бүгінгі Алқа отырысының біз үшін маңызы ерекше, рөлі тарихи», - деп атап өтті Аида Балаева.

Министрліктің 2024 жылғы жоспары таныстырылды.

«Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы өзара Мәдениет орталықтарын құру туралы келісімді іске асыру, сондай-ақ Қазақстан тарапынан 2011 жылы Сирия Араб Республикасын Дамаск қаласында салынған Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығын іске қосу мақсатында «Мәдениет туралы» заңға және Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу көзделіп отыр», - деді Аида Балаева.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button