МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ КЕСЕНЕСІ
Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдық жерде. Махамбет Өтемісұлы кесенесі 1995 жылы ақынның қабірі үстінде тұрғызылды.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) – XIX ғасырдағы қазақтың еркін ойлы ұлы ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1838) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Махамбет Өтемісұлы бірнеше тілдерді білген, исламды терең түсінген діндар адам болған.
Ақын шығармашылығында маңызды орынды әрдайым 1836-1837 жылдар арасындағы көтеріліс алған, оның өлеңдерінде бүкіл күрес шиеленісуі, әділетсіздікке көнбеу, биік рух, батырлық және бұқара халыққа деген сүйіспеншілік сезінеді, ол өз өлең жолдарында қазақ даласының қарапайым адамдарының армандары мен мұқтаждықтарын білдірді.
Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=140