Жаңалық

Мамандар болашақ табысты қазақстандықтың бейнесін қалыптастырды

Келешекте қалыптасуы тиіс қазақстандықтың бейнесі Елбасының бастамасымен іске асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаларына негізделген деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

Narхоz университетінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Рысқұлов оқулары 2021» халықаралық ғылыми онлайн-конференциясының қоғамдық сананы жаңғырту мәселесіне арналған сессиясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық-қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова институттың 2020 жылы жүргізген бірқатар зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды. Оның айтуынша, сондай зерттеулердің бірі болашақтағы табысты қазақстандықтың бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік берген.

«Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының принциптеріне сүйене отырып, болашақ табысты қазақстандықтың бейнесін қалыптастырдық. Ол алдына мақсат қоя білетін, шығармашыл, өз қабілеттіерін жетілдіруге әрдайым дайын, үш тілді жетік меңгерген, экологиялық тұрғыда сауатты, тарих пен дәстүрді білетін, өз Отанына адал, білікті, мейірімді, бейбітшіл, жауапкершілік сезімі жоғары, тіл табыса білетін, мәдениетті азамат болуы тиіс. Осындай нәтижелерге қолымыз жеткен кезде біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бәскеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің салтанат құруы, ұлттық біргейлікті сақтау, эволюциялық даму, сананың ашықтығы сияқты негізгі алты қағидаларына жауап беретін боламыз», – деді Әсем Қайдарова.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық-қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ, ұйымның қазіргі таңда басты назарға алған жұмыстары жөнінде де баяндап берді.

«Сонымен қатар, біздің институт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқандығы өздеріңізге мәлім. Олардың шеңберінде біз қазір арнайы жобаларды әзірлеудеміз. Қазақстандық-қоғамдық даму институты осы арнайы жобалар бойынша дәрістерді шығаруды жоспарлап отыр. Біз бұл бағдарламаның әр қазақстандыққа түсінікті болуын қалаймыз.  Осы ретте басқа да арнайы жобаларды енгізу жоспарымызда бар. Өкініштісі, қазақстандықтардың көбісі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін, маңызын түсінгенімен, оны қалай көрсету керектігін білмейді. Біздің қазіргі жұмысымыз осының орнын толтыруға бағытталған. Сіздермен болашақта да ынтымақтастықта жұмыс істейтінімізге сенеміз», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Narхоz университетінде бүкіл әлемнің ғалымдары мен практиктеріне арналған «Рысқұлов оқулары 2021» халықаралық ғылыми онлайн-конференциясы өтуде. Биылғы конференцияның тақырыбы – «Жаһандық трендтер аясында әлеуметтік ғылымдарды дамыту» («Shaping the future of education in social sciences»). 15-19 сәуір алаығында өтетін халықаралық шараның жұмысына Назарбаев университетінің, Қазақстандағы ACCA филиалының, БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің, Британ-Қазақстан қоғамдастығының зерттеу комитетінің өкілдері, шетелдік ғалымдар мен оқытушылар қатысып жатыр.

«Рысқұлов оқулары 2021» онлайн конфренциясы жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың ғылыми баяндамаларының жинағы жарияланып, барлық спикерлер мен тіркелген қатысушыларға сертификаттар табысталады деп күтілуде.

Еске салайық, Narхоz университеті жыл сайын атақты қоғам қайраткері, дипломат-Тұрар Рысқұловты еске алуға арналған «Рысқұлов оқулары» ғылыми – практикалық конференцияларын өткізеді. Бұл – Қазақстан аумағында брендке айналған, жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандары мен ғалымдарының басын қосатын ең бірінші Халықаралық экономикалық форум. Оның ашық алаңында экстра-класс мамандары жаңа идеялармен, біліммен, тәжірибемен және стратегиялармен алмасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button