Жаңалық

Маңғыстау неге киелі? (видео)

Бүгінде аймақтың туризм саласы дамып, оң нәтиже көрсетіп келеді.

Қарт каспийдің жағасына әр аймақтан қонақтап келетін жандардың да қарасы қалың.

Аңызға айналған өлкеге келген саяхатшылар, ғұлама тарихшылар өз еңбектерінде аталмыш өңір туралы таңдайын қаға, тамсана жазып өткен. Бекет ата, Шопан ата, Сейсем ата, Шақпақ ата секілді қасиетті орындар ғасырлар бойы халықтың рухани қажеттілігіне қызмет етіп келе жатыр.

Бұл өңірде Шопан-ата, Масат-ата, Шақпақ-ата, Бекет-ата, т.б. киелі орындар бар. Сондай орынның бірі Қараман ата жер асты мешіті.

Қазақ мемлекеттілігінің мызғымас тірегі болған қастерлі есімдер талай ғасыр аунаса да, ұрпақ санасынан еш ұмытылмақ емес. Керісінше күн өткен сайын жаңарып, жаңғыруда.

Бүгінде өңір табиғаты, тауы, сыр бүккен бал-бал тастарының өзі Маңғыстаудың сәніп келтіріп, көркіне көрік қосып тұрғандай!

Манғыстау жеріндегі тарихи орындар зияратшылардың ынтық нысаны болып табылады. Ислам дiнi мен пұтқа табынушылық кезеңдегі дәстүрлер тоғысуы да, бағзы заманнан сақталған Жерасты мешiттері де азиялық суфизм тарихында өте сирек кездесетiн құбылыс.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button