Маңғыстауда «Атымтай Жомарт» азаматтар марапаталды
Маңғыстауда тұңғыш рет өткен «Туған жерге тағзым» атты меценаттар форумында өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар мәрт кәсіпкер марапатқа ие болды.
Атап айтсақ, жетімдер мен мүгедек балалар және балалар үйінің тәрбиеленушілері мен науқас сәбилерге көрсеткен көмегі үшін «Мейірімді меценат» номинациясы бойынша Қосуақов Айбек Қосуақұлы және Тілеумағанбетов Айтқали марапатталды. Аймақтағы Білім саласының дамуына атсалысқаны үшін «Жарқын болашақ» номинациясымен Келдібаев Атабек және Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы; «Спорт әлемінің жанашыры» номинациясымен – Мұңалбаев Сұңғат Аңшыбайұлы; Ардагерлер мен еңбек ерлеріне жасаған көмегі үшін «Жомарт жүрек» номинациясымен Боранбаев Бердіқожа Оңдасынұлы және Есман Жұмабаев; Барлық бастамаға белсене атсалысқан «Үлгілі ұжым» – Қалдаманов Исенбай Әбиұлы және Табылдиев Дуйсебай Аманханұлы; Денсаулық саласының дамуына және науқас жандарға көрсеткен қолдауы үшін «Шын жүректен» номинациясы бойынша Дүсіпова Сара Шажақызы және Найзабеков Тәжімұрат Толбайұлы марапатқа ие болды. Өңірдің төл мәдениетін дамытуда өзіндік қолтаңбасын қалдырған Мұсабаев Самат Базарбайұлы және Дәрменов Жаңбырбай Тәжіғұлұлына «Руханият тірегі» номинациясы, өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін «Туған жерге тағзым» номинациясы Жауперов Мұратбек Бақыұлына және Бердияров Серікбайға, ұлтаралық бірлік пен берекені нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ынтымақ» номинациясы Абдулаева Түймеш Базарқызына және Мүсірепов Ілияс Санатуллаұлына, «Мәрт меценат» номинациясы Кезбаев Бітім Тәжіғұлұлы және Қырымқұлов Мырзабек Тітірбайұлына табысталды. Ал, мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, жастарға қолдау көрсеткені үшін «Қамқор» номинациясы Тәрбия Айдымбаеваға табыс етілді.
«Алдымен, баршаңызды алда келе жатқан еліміздің егемендік алған күні тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Елбасымыз атап өткендей: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Біздің баға жетпес байлығымыз – береке-бірлігіміз». Бүгінгі шараға Тәуелсіздіктің іргесін қалап, босағасын берік ұстауға аяынбай ат салысып келе жатырған азаматтар қатысып отыр. Тұрғындарымыздың жағдайы тек облысымыздың ғана емес, мемлекеттің деңгейінде оң әсерін береді. Әрбір отбасы – бір мемлекет. Демек, отбасыға көмектесу арқылы Отанға пайда әкелеміз. Бұл алдымен жағдайдың жақсаруы, содан соң сананың өзгеруі. Басты мақсатымыз – кәсіпкерлік саласын ел экономикасының басты қозғаушы күшіне айналдыру. Өйткені біз тек шикізат көзіне тәуелді болмай, бизнес секторында жақсылап қолға алуды мақсат етіп отырған елміз»,-деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы өңірдегі жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды жобаларға тоқталды.
«Өңірімізде жуырда ғана «Нұр Капитал» бірегей бизнес-жобасының тұсауы кесілді. Аймақтағы орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламаға «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан 900 млн. теңге, «Даму» Қорынан 1,8 млд. теңге бөлінген. Жоба аясында бизнеспен айналысамын деген деген әрбір азаматқа толықтай мүмкіндік жасалынып отыр. Мәселен, егер соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі – 11 пайыз болса, оның 10 пайызы субсидияланып, ал қалған 1 пайызын ғана кәсіпкер төлейді. Сонымен қатар, қарыз алушының кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, оған «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму» Қорының кепілдемесі берілетін болады», – деді облыс әкімі.
Бұдан басқа, шара басында «Рухани жаңғыру» бейнесіндегі қыран құстың көйлегі жиылғандар назарына ұсынылды. «Тәрбия» сән салоны шеберлерінің туындысы еліміз бойынша алғаш рет тігілген. Жоба авторы Тәрбия Өсерқызы аталған көйлектің Республикада бірегей және тұңғыш рет ұлттық нақышта және заманауи бағытта дайындалған.