Жаңалық

Маңғыстауда «Рақмет саған, Ұлы дала елі» атты сайыс өтті

Ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлағатты ғибрат аларлық, тәлім тәрбие боларлық құндылықтарды насихаттау және қоғамдағы ананың рөлін жоғарлату мақсатында Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында 2015 жылы қыркүйек айында «Ана» мектебі құрылған болатын.

Қазіргі таңда «Ана» мектебі аясында 7 секция жұмыс атқарады. Олар: «Ұлттық дәстүр» секциясы, «Жауқазын» би секциясы, «Тоқыма» секциясы, «Шебер қолдар» секциясы, «Аспазшы» секциясы, «Әдеп» секциясы, «Бойжеткен» секциясы. Әр оқу жылында секция жетекшілері мен аналар бірлесе отырып, қыздарға үлгі боларлықтай тәрбиелік іс-шараларды жүйелі жүргізіп келеді.

Сондай тәрбиелік шаралардың бірі ретінде ағымдағы жылдың 12 наурызында Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Ана» мектебінің «Ана-тәрбиенің сарқылмас бұлағы» атты тақырыпта аудандық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты: «Ана мектебінің» жұмысын таныстыру арқылы мұғалімнің тәрбие саласындағы кәсіби шығармашылық мүдделерін жүзеге асыру, өзара тәжірибе алмасу, қыз балалар бойында ұлттық салт-дәстүріміздің ұлағатты қасиеттерін қалыптастыру, отбасындағы ана арқылы қыз балаға берілетін тәрбиені нығайту. Аталмыш семинарға Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы А.Утесбаева, аудандық бідім жүйесін дамыту орталығының директоры Г.Қанжан, әдіскерлер, мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Рамашева, аудандық жастар орталығының маманы Г.Шамқұлова, Е.Өмірбаев орта мектебінің, М.Горький мектеп-лицейінің және Форт-Шевченко мектеп-интернатының мұғалімдері, жас мамандары қатысты. Семинарда «Ана мектебі» жанындағы 7 секцияның жұмысы көрсетілді. Атап айтсақ, «Ұлттық дәстүр» секциясы бойынша бастауыш сынып мұғалімі А.Мұратқызы «Баланы тұзды суға салу» танымдық сабағын, «Жауқазын» би секциясынан Г.Жолдыбаева «Қазақ және молдаван ұлттық билері» атты кездесу, «Аспазшы» секциясынан А. Айтмағанбетова «Жаужүрек тағамы» шеберлік сабағын, «Әдеп» секциясынан Э.Қалымбаева «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыздар сайысын, «Бойжеткен» секциясынан Н. Тажбенова «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты кездесу, «Тоқыма» секциясынан Д. Саулебаева «Жүннен бұйым жасаудың түрлері», «Шебер қолдар» секциясынан Г. Қалдыгулова «Сәнді кәжекей тігіп үйренейік» тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді.

Семинарда көрсетілген шаралардың барлығы да қатысушы қонақтар тарапынан оң бағаға ие болып, керемет көңіл-күй мен жақсы әсер қалдырды.

Алдағы уақытта да Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы жанындағы «Ана» мектебінің инабаттылық, парасаттылық, ибалылық т.с.с қыз балаларға үлгі боларлық ұлағатты тәлім-тәрбие мен өнегені насихаттау бағытындағы жұмыстары өз жалғасын таба бермек.

Маңғыстау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button