Жаңалық

Мақтааралдықтардың кітап оқуға қызығушылығы артты

Мақтаарал ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандар жөнделіп, қайта жаңғыруда, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы Түркістан облысы әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан орталығы Мырзакент кентіндегі 2062 көрерменге арналған Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда күрделі жөндеу жұмыстары жуық арада аяқталмақ. Мырзашөл өңіріндегі алып нысанның жөндеу жұмыстары аудан әкімі Бақыт Асановтың қадағалауында.
Стадион аумағында скейт воркаут тренажер алаңы, кіші футбол, волейбол және баскетбол алаңшалары жақын күндері пайдалануға беріледі. Алматы қаласынан арнайы шақырылған мамандардың көмегімен орталық алаңға газон өсірілуде.

Сонымен қатар толық жөндеуден өткен орталық кітапхана келер жылдың наурыз айында ел игілігіне берілмек. Орталық кітапханада 50 мыңнан аса кітап қоры жинақталған. Арнайы заманауи оқу залы мен оқу бөлмелері жұмыс істейді. Оқушылар үшін балалар кітапханасы қарастырылған. Мәдени нысанда 200 орындық концерт залы жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін мәдени-шығармашылық клубтар ашылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button