Жаңалық

Маркетингтік ақпарат. Зерттеу жұмыстарының маңызы қандай?

Үлкен фирмалар сияқты шағын кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдар өзі ұсына алатын нарықтық ақпарат пен тұтынушыны түсінуді қажет етеді.

Ауқымды зерттеу жұмысы кішігірім ұйымдардың бюджетінде көзделмегенімен, осы тарауда талқыланған маркетингтік зерттеудің көп әдісін шағын ұйымдар біраз ресми түрде және аз шығынмен немесе тіпті ешқандай шығынсыз қолдана алады. Бір шағын кәсіпкер келушілерге есігін ашпастан бұрын нарықты зерттеуді қалай жүргізгенін қарастырайық:

Өзі тұратын қаладағы құрғақ тазалау қызметін ұсынатын фирманың жұмысына көңілі толмаған Роберт Байерли өзі жеке құрғақ тазалау қызметін ашуға шешім қабылдады. Бірақ оған кіріспей тұрып, алдымен нарықты зерттеді. Өз бизнесін басқалардікінен қалай ерекшелендіретінін білу үшін тұтынушыны түсінгісі келді. Іс бастау үшін Байерли интернетте құрғақ тазалау индустриясын бір апта зерттеді. Ықтимал клиенттеріне қол жеткізу үшін жергілікті маркетингтік фирманың көмегіне жүгіне отырып, Байерли дүкеннің атына, көрінісіне және брошюрасына байланысты фокус-топтарға сауалнама жүргізді. Сондай-ақ қаладағы бір-бірімен бәсекелес 15 үздік тазалау фирмасына киім апарып, фокус-топтар мүшелерімен бірге сол фирмалардың жұмысын сынға алды. Өз зерттеуіне сүйене отырып, ол жаңа бизнес үшін ерекшеліктер тізімін жасады. Тізімнің басында тұрғаны – сапа. Ол қазір не істесе де, соның бәрі бизнесінің тұғырына айналмақ. Тізімде жоғы – төмен баға. Құрғақ тазалау қызметін ұсынатын тамаша ұйым құру мен дискаунт операциялары бір-бірімен үйлеспеді.

Зерттеу аяқталғаннан кейін Байерли жоғары сапалы қызмет көрсету және клиенттерге ыңғайлы жоғары сапалы құрғақ тазалау қызметін ұсынатын Bibbentuckers компаниясын ашты. Онда банктегі сияқты тікелей қызмет көрсету залы және қала сыртына жеткізіп беру қызметі болды. Компьютерлендірілген штрихкод жүйесі тұтынушылардың тазалауға қатысты талғамын анықтайды және киім-кешекті тазалау процесі барысын қадағалайды. Байерли сәндік шатырлар, теледидар экрандары және дәмді тағамдар (тіпті «балаларға арналған кәмпиттер және иттеріңізге арналған тамақ та бар») сияқты өзге де түрлі элементтерді қосты. «Мен құрғақ тазалау қызметіне ұқсамайтын сапалы мекемені бесжұлдызды сервис және сапамен біріктіретін орын жасауды қаладым», – дейді ол. Маркетингтік зерттеу нәтиже берді. Бүгінде Bibbentuckers сегіз алаңы бар, өсіп келе жатқан орынға айналды.

Осылайша шағын кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдар шағын байқау немесе бейресми сауалнама жүргізу арқылы жақсы маркетингтік түсінікті ала алады. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдар, жергілікті БАҚ және мемлекеттік органдар шағын ұйымдарға арнайы көмек көрсетеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button