Жаңалық
Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: mazhilis_kz
Олар:
– білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша;
– байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша;
– Қазақстан мен Сингапур үкіметтері арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;
– Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісім.