Жаңалық Редакция таңдауы

Медиа сауаттылық бойынша онлайн сессия өтеді

Білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі ЮНЕСКО институты мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі медиа сауаттылық бойынша онлайн сессияларға шақырады, деп хабарлайды Ruh.kz.

2023 жылдың қазан-қараша айларында Білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі ЮНЕСКО институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен медиа және ақпараттық сауаттылықтың түрлі аспектілері бойынша жастарға арналған тренингтер сериясын өткізеді.

Ертең, 5 қазанда сағат 17:00-де (Астана уақыты бойынша) медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша бірінші сессия өтеді.

Курс Дүниежүзілік медиа және ақпараттық сауаттылық апталығының іс-шаралары шеңберінде өткізіледі және «Құқық» ҚҚ, «QOLDAU» білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесі» ҚБ, «New vision team» ҚҚ, «Жастар салауатты өмір салты үшін» ҚБ қатысуымен жүзеге асырылады.

Сыни ойлау дағдыларын, киберқауіпсіздік негіздерін, ақпаратпен, медиамен және технологиялармен саналы және мағыналы өзара әрекеттесуді меңгеруге мүдделі жастарды курсқа шақырамыз.

Сессиялар онлайн-форматта (ZOOM платформасы арқылы) өтеді. Сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/87647959397?pwd=obyvhObAgYz9MTT3BdIjGAuTu9ULis.1 (Конференция идентификаторы: 876 4795 9397, кіру коды: 188261).

Курсты өтуге қызығушылық танытқан жағдайда мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/1ncDJ5AnAx84Km3SA

Қосымша сұрақтар бойынша +7 7172 740186 номері арқылы хабарласуға болады.

бағдарлама pdf (жүктеу/скачать)

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button