Медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша кезекті онлайн-сессия өтеді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ЮНЕСКО «Қауіпсіз онлайн: кибершабуылдардың алдауына қалай түспеу керек» тақырыбындағы онлайн-сессияға шақырады, деп хабарлайды Ruh.kz.

2023 жылғы 12 қазан, сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ЮНЕСКО ұйымдастырған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша кезекті онлайн-сессия өтеді.
«Қауіпсіз онлайн: кибершабуылдардың алдауына қалай түспеу керек» сессиясында кибершабуылдардың типтік әдістері және қаржылық, материалдық немесе моральдық шығындарға әкелуі мүмкін әртүрлі манипуляциялардың мысалдары талқыланады. Сондай-ақ, тренинг барысында осындай алдау түрлерін қалай айналып өту керектігін және олардан қорғанудың тиімді әрекет алгоритмдері талқыланады. Спикер ретінде Пермь университетінің доценті, медиа жаттықтырушы, филология ғылымдарының кандидаты Иван Печищев сөз сөйлейді.
Сыни ойлау дағдыларын, киберқауіпсіздік негіздерін; ақпаратпен, медиамен және түрлі медиа-технологиялармен дұрыс жұмыс жасаудың жолдарын меңгеруге қызығатындардың барлығын осы іс-шараға шақырамыз.
Сессия ZOOM платформасында онлайн-форматта өтеді. https://us06web.zoom.us/j/89418778422?pwd=KG0vveTrWhDymg9RmswXjKvB89x8mL.1 (Конференция идентификаторы: 894 1877 8422, кіру коды: 949513).
Курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/1ncDJ5AnAx84Km3SA.
Барлық сұрақтар бойынша келесі номер бойынша хабарласуға болады +7 7172 740186.