Жаңалық
Редакция таңдауы
Мектеп оқушысы қазақ ханының портретін сөйлетті
Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы №3 орта мектептің алтыншы сынып оқушысы Жомарт Азаматұлы ойлап тапқан құрылғысының арқасында Тәуке ханның портретін сөйлетті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Өнертабыстың ерекшелігі – Тәуке хан тұсында Қазақ хандығында қабылданған «Жеті жарғы» заңын баяндайды.
Оқушы портретті жасауда түрлі қажетті техникалық құралдар мен аудиотаспаларды пайдаланған. Жұмысты әзірлеуге бір жыл уақыт кеткен. Портрет mp3-құрылғысымен, сенсорлы өшіру түймелерімен және 12 В қуат көзімен жабдықталған.
Жас өнертапқыш алдағы уақытта өзге де ақын-жазушылар мен тарихи тұлғалардың портреттерін сөйлетіп, сол арқылы өскелең ұрпаққа халық тарихын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.