Жаңалық

Мектептерінің 60 пайызы дәстүрлі оқу форматына оралмақ

Үшінші тоқсаннан бастап Павлодар мектептерінің 60 пайызы дәстүрлі оқу форматына оралады, деп хабарлайды Ruh.kz 24.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Бірақ бір сыныптағы оқушы саны 15 баладан аспауы тиіс. Осылайша қала және облыс мектептерінде 16 мың оқушы мектеп партасына қайта отырады. Облыстың бас санитар дәрігері оқушылар саны 300-ге дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысын қалыпты жағдайға көшіруге рұқсат етіп отыр.

Бұған дейін 180 оқушыға дейін шектеу болған еді. Сонымен қатар ата-аналар өтініші бойынша бастауыш сынып оқушыларына да мектепке баруға рұқсат берілген. Барлық жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимі сақталып, маска тағу, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау тәртібі міндеттеледі.

«Үшінші тоқсанда 11-сынып оқушыларын дәстүрлі оқыту форматына көшіруді жоспарлап отырмыз. Кезекші сынып 289 оқушысы үшін қосымша ашып отырмыз. Бізде бірінші тоқсаннан бері 2 мың 576 кезекші сынып жұмыс істеген еді», – дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button