Мемлекет басшысы бірқатар елге жаңа елшілерді тағайындады
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ақорда
Президент жарлығымен:
Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып Тимур Владимирұлы Пірімбетов тағайындалды. Ол – Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Дәурен Айтбайұлы Кәріпов тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.