Жаңалық

Мемлекеттік қызметкерлердің IQ-і тексеріледі

Талдықорған қаласында алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында IQ DODA зияткерлік онлайн ойыны өтеді.

Қоғамның заманауи қайта құрулары адамның интеллектуалдық дамуын ескеретін қоғамдық сананы, ерекше күш-жігер мен тәсілдерді жаңғыртуды талап етеді. Тұңғыш Президенттің айтуынша «саналы бейімделу қабілетіне ие болу керек».

Алматы облысында алғаш рет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер күнін мерекелеу құрметіне «IQ DODA» зияткерлік онлайн ойыны жүзеге асырылады.

Бірінші ойын 17 маусымда Талдықорған қаласының Журналистер үйінде өткізілді. Ең білімді және интеллектуалды команда атағына облыстық басқармалардан командалар бақ сынасты.

Ойынның мақсаты – Елбасы идеяларын біріктіру, қазіргі заман талабына сай интеллектуалды даму.

Ойынның өткізілу барысы қалай?

«IQ DODA»-да энциклопедиялық білімге қатысты сұрақтар жоқ. Барлық сұрақтар ой-өріс, логика, тез ойлау және т.б. бойынша қабылданады. Әр турдан кейін командалар жауапты арнайы бланкілерге жазып, ұйымдастырушыларға тапсырады, содан кейін жүргізуші дұрыс жауаптарды жариялайды. Ойынның ұзақтығы – 3 сағат. 10 минуттан екі үзіліс (3-ші және 5-ші турдан кейін).

«IQ DODA» ойынындағы турлар мен ұпайлар

Ойын жеті турдан тұрады:

1-тур – БЕТАШАР – жалпы сипаттағы мәтіндік сұрақтар;

2-тур – КОМИССАР КАТТАНИ – жалған немесе шындық сұрақтары;

3-тур – ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ – музыка және сурет бойынша сұрақтар;

4-тур – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша сұрақтар;

5-тур – ҚОЛБАСШЫ – капитандар байқауы, командамен немесе өз бетімен жауап беру мүмкіндігі бар, егер капитан командамен жауап берсе          1 ұпай, өз бетімен жауап берсе 2 ұпай жинақтайды.

6-тур – QAZAQSTAN – Қазақстан тақырыбы бойынша жауап нұсқалары бар сұрақтар

7-тур – БАС ШАЙҚАС – жаңғыру тақырыбы бойынша сұрақтар, әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай.

Барлық сұрақтар үлкен экранда 40-60 секундтан көрсетіледі және жүргізуші оқиды. Турдың барлық жеті сұрағы хабарланғаннан кейін, тағы бір мәрте тез арада кезекпен және кідіріссіз оқылады, содан кейін 100 секундтық кері санақ басталады. Осы уақыт ішінде ойлануы және парақтарға өз жауаптарын енгізуі қажет. 100 секунд өткеннен кейін жауаптары бар парақтар тапсырылады.

Егер 7 турдан кейін бірнеше команда тең түскен жағдайда, соңғы турда жоғары ұпай жинаған команда қорытынды табельде алдыға шығады (егер соңғы турда тең болса, онда 6 тур, 5 тур және т.б. қараймыз).

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алматы облысы ішкі саясат басқармасы, Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі.

Зияткерлік іс-шаралар Тұңғыш Президенттің Платформада айтқан талаптары мен оның негізінде жүзеге асырылатын болашақ ұрпақтың дамуы байланысты болатын ережелерге сәйкес жасалады.

Алматы облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button