Мемлекеттік қызметкерлердің ой-өрісін өзгерту маселелері ашық талқыланды
Астанада «Өзгерістерді өзіңнен баста» шағын бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің ой-өрісін өзгерту бойынша ресми емес кездесу өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимованың көрнекті қоғам қайраткерлері Мұрат Әуезов пен Төрегелді Шармановпен кездесуі өтті.
Кездесуге сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов пен Қазақстанның Азаматтық Альянс төрағасы Тәңірберген Бердоңғар да қатысты.
Ресми емес кездесудің күн тәртібінде – «Өзгерістерді өзіңнен баста» шағын бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің ой-өрісін өзгерту.
Бұл шағын бағдарлама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады және оның бастамашысы Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Мұрат Әуезов пен Төрегелді Шарманов Қазақстанның мемлекет ретінде тұрақталуына атсалысып, мемлекет басшысымен өткізіліп жатқан барлық жаңартулардың куәгерлері болып табылатынын айта кеткен жөн.
«Өзгерістерді өзіңнен баста» шағын бағдарламасының басты ерекшеліктерінің бірі – бұл оның мақсатты аудиториясы – мемлекеттік қызметкерлер болып табылатындығында.
ЭЫДҰ сарапшылары мемлекеттік қызметтің жағдайын оның үш деңгейде дамуы шеңберінде бағалайды: кәсіби, стратегиялық және инновациялық.
Біздің келесі мақсатымыз – стратегиялық-инновациялық деңгейге ауысу.
Оның бір бұрышына қарқындылық, нәтижеге бағытталу, өзгерістерді басқару, мобильдік, басшылардың бейімділігі, қызметкерлердің білімге құштарлығы қойылады.
Бұл талпынуға қажетті бағыттар.
Өзінің сөзінде МҚІжСЖҚІҚА төраға орынбасары «Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бүгінгі күні бізге өзіміздің шағын бағдарламамыздың шеңберінде мұны жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін» атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуде бұл бағыттағы бірінші қадамдар белгіленді. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тартымдылығының жоғарылауына өз септігін тигізетін екі жобаны жүзеге асыру.
Бірінші жоба – мемлекеттік қызмет мектебі – жоғары оқу орындары соңғы курс студенттерінің мемлекеттік органдарда тәжірибе өтуін қарастырады. Бұл жас түлекке жұмысқа тұру кезінде саналы түрде таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Екінші жоба азаматтарды қабылдау бөлмелерінде видеобақылау камераларын орнатуға бағытталған. Азаматтарды қабылдау процесінің айқындылығын қамтамасыз ету азаматтардың, сондай-ақ лауазымдық тұлғаның мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.
Қоғам қайраткерлері өз тараптарынан мемлекеттік қызметті жаңашаландыру бойынша бірнеше ұсыныс жасады. Олар Қазақстанның мемлекеттік аппаратының кәсібиленуінде айқын ілгерілік байқалатындығын және «Өзгерістерді өзіңнен баста» шағын бағдарламасының жүзеге асырылуының өз уақытында жүргізіліп жатқандығын атап айтты. Қоғам қайраткерлерінің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің ой-өрісінің өзгеруі тек мемлекеттік жүйеге өз септігін тигізіп қана қоймай, ел азаматтарының жалпы қал-жағдайына оң әсерін беретініне сенім білдірді.
Қоғамдық қайраткерлерге алғыс айта отырып, Айгүл Шаимова:
«Біз үшін қоғамдық қайраткерлердің және академиялық ортаның ой-пікірі және ұсыныстары өте маңызды. Мен осындай форматтағы «галстуксыз» кездесулердің және ашық диалогтардың жиі өткізілуі біздің ортақ жұмысымызды жетілдіруге өз септігін тигізетініне сенемін», – деп айтты.