Жаңалық

«Менің кәсібім» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асып келеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Менің кәсібім» жобасының жетекшісі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінде облыс аумағында жоба аясында ілкімді істер атқарылып келеді, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы Түркістан облысы әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі, жоба авторы Айжани Нұрланова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жобаның мақсаты – көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға және отбасында мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар жағдайы өте төмен, нағыз мұқтаж отбасыларға кәсіп ашуына қолдау көрсету.

«Менің кәсібім» жобасының мамандары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жобаға қатысуға ниет білдірген отбасылардың үйлеріне барып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отбасыларға қажетті құрал-жабдықтар тізімі алынды. Тізім бойынша барлығы 64 отбасыға қажетті қаржы 14 млн 515 мың теңгені құрап отыр. Алдағы уақытта болашақ кәсіп иелеріне тиісті көмек көрсетілетін болады», – деді жоба авторы.

Айта кетерлігі, Арыс, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар аудандарында кәсіп ашуға қажетті жабдықтан алынған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button