Жаңалық

«Менің сәйгүліктерім!» атты шығармашылық кеш өтпек

Кеш бүгін,18.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен залында (Абылай хан даңғылы 90) өтеді. Келем деушілерге есік ашық!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті, Халық әні кафедрасының 35 жылдығына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, әнші, ұстаз Сәуле Жанпейісованың «Менің сәйгүліктерім!» атты шығармашылық кеші өтпек.

Кеште Сәуле Стаханшылқызының шәкірттері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Эльмира Жаңабергенова, Айгүл Қосанова,Айгүл Елшібаева, Қарақат Әбілдина және Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығы, Жастар Одағы сыйлығының лауреаттары мен ҚР Мәдениет саласының үздіктері: Берік Жүсіпов, Өмірқұл Айниязов, Эльза Қарабалина, Күлімхан Жұмалиевалармен қатар, Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Пахаман Құттымұратов, Елдос Еміл, Айгүл Махашова, Ақмарал Ерімбетова, Ырысты Сүлейменова, Ғалымжан Жолдасбай, Венера Қаржаубаева, Күнқожа Қайруллаев, Жанқожа Аяпов, Фархат Оразов, Гүлмарс Аманбаева, Сәбит Шектібаев,Ғазиза Сарқытбаева өнер көрсетеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button