Жаңалық
Редакция таңдауы
Мерей Базарбаев - еркін күрестен U20 әлем чемпионатының күміс жүлдегер атанды
Еркін күрестен команда өкілі Мерей Базарбаев Софияда (Болгария) өткен U20 әлем чемпионатында екінші болды.
![](/storage/storage/element/2022/08/17/mainphoto/DJvJjCruseccIJYcgVQs5G61pcHEYiVJ2FyaE7Kr.jpg?time=1701552134)
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол америкалық Йорке Рассел Волкпен кездесті. Жекпе-жек қызу өтті. Қорытынды жеңісті қарсылас атап өтті – 3:2.
Айта кетейік, 74 келіге дейінгі салмақта Ілияс Ерболатов жұбаныш кезеңіне қатысады. Қола медаль үшін күресте ол Георгий Карудан (Молдова) өтуі керек.