Жаңалық
Молдахмет Сыздықұлының мемориал тақтасы ашылды
Биыл көрнекті суретшінің туғанына – 95 жыл.
Алматы қаласында кескіндеме өнерінің негізін салушы, педагог, Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлының мемориал тақтасы ашылды. Тақта өзі 30 жылдан астам уақыт тұрған Төлебаев көшесі №125 үйге қойылды.
Тақтаның ашылу салтанатына балалары мен туысқандары жиналды. Әбілхан Қастеевпен замандас болған оның туындылары терең лиризм мен эпикаға толы. Бүгінде 5 баласының бәрі де осы сурет саласында әкесінің жолын жалғап қызмет етіп келеді.
Шара қалалық әкімдіктің қолдауымен іске асты.
Алматы қаласы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі