Жаңалық

Мұхтар Мағауин туралы не білеміз?

Осыдан 81 жыл бұрын тарихшы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин дүниеге келді. Ruh.kz порталы көрнекті тұлғаның өмірбаянынан қызықты мәліметтер ұсынады.

Мұхтар Мағауин 1940 жылы Семей облысының Шұбартау ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген.

1957 жылы осы ауданның Баршатас кентіндегі қазақ орта мектебін тәмамдаған ол С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне филология факультетіне түседі.

1965 жылы Мұхтар Мағауин қазақ әдебиеті кафедрасы аспирантурасының түлегі атанады.

Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі ретінде бастады.

ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейін негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. Өзінің «Қобыз сарыны» монографиясында ол хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын жүйелі түрде талдайды.

Әр жылдары «Қазақ әдебиетінде», «Жазушы» баспасында, «Жалын» журналында қызмет етті.

«Кешқұрым» атты алғашқы әңгімесі 1964 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланды.

1984 жылы «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

1984-1986 жылдары Мұхтар Мұқанұлы «Жазушы» баспасының бас редакторы болды.

1997 жылы түркі елінің ең таңдаулы жазушылар қатарынан танылып, Түркия жазушылар мен өнер қайраткерлері Қорының «Түркі әлеміндегі еңбегі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button