Жаңалық

Мүмкіндігі шектеулі жандар «Есік» қорымдары тарихымен танысты

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына  мүмкіндігі шектеулі жандар барып, тамашалап қайтты, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

««Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы экспедиция біз үшін осымен екінші рет ұйымдастырлып отыр. Осыған дейін Қаратал ауданындағы «Бес ата» басына барып қайтқан едік. Ал, бүгін, міне, осынау тарихи кешенге келіп, «Алтын адам» жайлы толық ақпарат алдық. «Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» дегендей, осы уақытқа дейін бұл мәліметтер туралы сөз жүзінде естісек, енді өз көзімізбен тамашалау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Алған әсеріміз де ерекше», – деді экспедицияға қатысушы Ержан Аманбай.

Экспедиция мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмай, олардың рухани жаңғыруына мүкіндік туғызу. Яғни, арбаға таңылған қоғам мүшелерін тарихи орындармен таныстыру.

«Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан аталмыш музей  еліміздегі мәдени туризмінің дамуындағы маңызды объектілердің бірі. 2013 жылы Алматы облыстық маслихатының шешімі бойынша «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аумағы ретінде 422,7 гектар жер белгіленген болатын. Бүгінде аталмыш аумақта «Есік» қорымдарына жататын 80-нен аса қорғандар, «Рахат» және «Өрікті» сынды ежелгі сақ қала-жұрттары бар», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шаралар алдағы уақытта тағы да өз жалғасын  таппақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button