Жаңалық

Мұрат Әуезовтің екі кітабы жарық көрді

Қазақтың бір топ зиялы қауым өкілі Елбасының “Рухани жаңғыру” мақаласы аясында халықпен пікір алмасып, ой-толғаныстарын ортаға салу үшін Қостанайға келді, деп жазады http://www.inform.kz/kz/kostanayda-murat-auezovtin-eki-kitabynyn-tusauy-kesildi_a3079230“>ҚазАқпарат.

Олардың арасында мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, “Жұлдыз” журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Журналистика академиясының президенті, профессор Сағымбай Қозыбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, “Мысль” журналының бас редакторы Аяған Сандыбай бар.

Зиялы топты облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қабылдады. Аймақ басшысы облыста рухани жаңғыру бағытында жүргізіліп жатқан кешенді іс-шаралар барысын әңгімелеп, қонақтармен ой бөлісті. Мұнан соң қонақтар облыстық Л.Толстой атындағы кітапхананың 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Шараның негізгі бөлігі Қостанай педагогикалық институтында жалғасты. Мұнда Мұрат Әуезовтің «Ділім» және «Времён связующая нить» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтіп, көпшіліктің назарына ұсынылды. Мемлекет және қоғам қайраткерінің жүріп өткен өмір жолынан сыр шертетін кітапта тәуелсіздіктің қадір-қасиеті де сөз болады.

«Бұл кітап екі бөлімнен тұрады. Әуелгісі орыс тілінде шықты. «Времен связующая нить» деп аталады. «Ділім» атты тарауды асқан сүйіспеншілікпен жаздым. «Ділім» – иран тілінен шыққан сөз. «Адамның жан дүниесі мен болмысы» дегенді білдіреді. Әкем алашордашылармен де аралас-құралас болды. Мені өз қолымен 1-сыныпқа, қазақ мектебіне ерітіп апарғаны да әлі күнге есімде. Ол кезде қазақ мектептері санаулы еді. Әкеден алған тәрбиемді, білген-түйгенімді осы кітаптың ішіне сыйғызуға тырыстым»,  – деді Мұрат Әуезов. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button