Жаңалық

«Музей және отбасы» жобасы жүзеге асырылуда

Музей – елдің тарихын, мәдениетін және өркениетін айғақтауда маңызды рөл атқаратын тәрбиелік орын, рухани орда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық бірегейлікті сақтау бағыты бойынша Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Музей және отбасы» ұзақмерзімді жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Павлодар облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі.

«Аталмыш жобада музейде сақталып отырған ақын-жазушылардың шығармалары және жәдігерлерімен таныстыру жүргізіледі. Жоба ай сайын екі рет өткізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланады.

Өскелең ұрпаққа тәрбие беруде ата-әжелердің рөлі зор. Сол арқылы балалардың бойына еліне, ата-анасына, әдебиет пен өнерге, салт-дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру көзделеді», – дейді музей басшысы Ербол Мәтіұлы.

Бүгінгі күні барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жоба жүзеге асырылуда. Әлеуметтік желілердегі оқырман санын арттыру да жоба мақсаттарының бірі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button