Жаңалық

Музыкадағы әзіл-сықақ

Күлкі күні «Астана Операда» музыкалық қалжың мен көңілді тосынсыйлардың кеші өтті. 

Л.Андерсонның «Жазу машинасына арналған пьесасы», И.Штраустың «Аңшылықта» полькасы, И.Штраустың «Жарқанатынан» Адель шумақтары, Д.Обердің «Манон Леско» операсынан «Ду күлкі» және т.б. тамаша туындылар концерт бағдарламасының көркін қыздыра түсті. «Астана Опера» Симфониялық оркестрі виолончелистер тобының концертмейстері Дәулет Шәкіров виолончелистер ансамбліне арналған «Cello Mix» шығармасын орындады.

«Жазу машинасына арналған пьеса» музыкалық әзілінің авторы Л.Андерсон жеңіл әрі қысқа концерттік пьесалардың авторы ретінде танымал. «Жазу машинасына арналған пьеса» 1950 жылдың 9 қазанында жазылды, алғашқы орындалуы үш жылдан кейін, яғни 1953 жылы болды. Әдетте, сахнада реквизит ретінде соқпалы аспаптың рөлін «сомдайтын» баспа машинасы қолданылды. Ал, екінші атауы «Баспа машинасы» болып кеткен пьеса оркестр репертуарындағы ең өткір тілді туынды, сонымен қатар Л.Андерсон шығармалары ішіндегі тыңдарманның ең сүйіктілерінің бірі. Пьеса Америка, Германия және Австралиядағы түрлі кинофильмдерде, анимацияларда, радио бағдарламалары мен телешоуларда пайдаланылды. Айтқандай, оны Қазақстанда да концерттік репертуарда үлкен сұранысқа ие.

«Астана Опера» театрының дирижері Абзал Мұхитдинов: Концерттің негізгі идеясы – сәуір айының алғашқы кешін қанық музыкалық бояумен әрлеп, тыңдаушыға шаттық пен шабыттың орасан зор қуанышын сыйлау болып табылады. Музыкадағы әзіл-сықақтың ұстанымы өзге де өнер түрлерімен ұқсас: ерекше әрі күтпеген қырынан қарабайыр нәрселерді көрсету – осыны концерт аясында жасауға тырысамыз, – деп атап өтті.

Осынау керемет концертке «Астана Операның» солистері мен аспапшылары – Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев, Жаннат Бақтай, Жәмиля Жарқымбаева, Малика Минизини және т.б. өнерпаздар қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button