Жаңалық Редакция таңдауы

Мыңнан астам білім алушы президенттік стипендияға ие болды

Биыл Президенттік стипендия еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бакалавр студенттері үшін Президенттік стипендия мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге.

ҚР Президенті стипендиясының мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдау, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу.

Стипендиаттар үшін іріктеудің негізгі критерийі – тек «өте жақсы» (А, А -) оқу. Сондай-ақ, студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескеріледі.

Сонымен қатар ашылулар мен өнертабыстардың авторлары стипендия иегерлері бола алады; ғылыми еңбектер жинағында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар білім алушылар; жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады; білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қатысады.

Президенттік стипендия 3 курстан бастап күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және екінші курстан бастап магистранттарға тағайындалады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button