"Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" көшпелі қор көрмесі ашылды
Көшпелі қор көрмесі 8 сәуір күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде есігін айқара ашпақ.
Көрменің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, қала тұрғындары мен студент жастар қатысады.
Көрменің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы бірізді толық рөлін көрсету.
Көрермендер назарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары ұсынылатын болады. Алғаш рет Қызылорда жұртшылығының назарына Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік марапаттарының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сонымен қатар Н. Ә. Назарбаевтың шет тілдерге аударылған еңбектері ұсынылады.
Көрме төрт бөлімнен тұрады:
«Елбасы жолы» бөлімі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмір кезеңдерінен сыр шертеді. Елбасының жолы рухани сананың дәуірі мен шығуы мазмұнын білдіретін тарихи үдерістер мен оқиғаларды сипаттау арқылы көрсетіледі. Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы еліміздің тәуелсіздігінің негізгі бағыттарын айқындаған басты тарихи таңдауы болды.
«Елбасы феномені» бөлімі Қазақстан Республикасының негізін қалаған, жаһандық кеңістікте тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жаңа идеяларын енгізген Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылым тұжырымдамасының қалыптасуы мен дамуы тарихына жетелейді. Көшбасшы феномені Семей ядролық полигонының жабылуынан бастап, мемлекет астанасын ауыстыру идеясын жүзеге асыруға дейінгі тарихи маңызы бар шешімдер мен бастамалар арқылы көрініс тапқан.
«Әлем таныған Елбасы» бөлімінде Қазақстан Республикасының қарқынды сыртқы саясаты көрсетіледі. Бұл – әлемдік деңгейдегі саясаткер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биік беделі мен асқақ абыройының жемісі.
Еліміздің көпвекторлы сыртқы саясаты дипломатиялық тарту-таралғылар, жеке жазбалар, архивтік материалдар арқылы көрсетілген. Әрбір сый-сияпаттан кез келген қауіп-қатер мен түсінбеушіліктен азат бейбіт әлемді қалыптастырудағы Н. Ә. Назарбаевтың ерен еңбегін таныған шетелдік мемлекет және үкімет басшыларының жеке құрметі айқын көрінеді.
«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» бөлімінде Мемлекет басшысының және Қазақстан халқының жаһандық үдерістердің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін табыс етілген Елбасының жоғары мемлекеттік марапаттары ұсынылған.
Көрме экспозициясының негізінде шолу экскурсияларынан басқа «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсиялары жүргізіледі. Экскурсиялар түрлі санаттағы – балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер секілді келушілерге арналады.
Ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық іс-шараларды, сонымен қатар Қызылорда облысының аудандарында өтетін экскурсияларды қамтитын қор көрмесі – жобаның басты шарасы.
Елбасы кітапханасы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасын 2017 жылғы қарашадан бастап жүзеге асырып келеді. Осы уақыт аралығында көрме Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Алматы және Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Оны 730 мыңнан астам адам тамашалады.
«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы Қызылорда облысында 2019 жылғы маусымның ортасына дейін жалғасады.