Нақты қадам – жетістікке апарар жол
Адам өміріндегі ең басты мақсат не? Ол – өлшеп берілген ғұмырында белгілі бір деңгейде жетістікке жетіп, артына өзінің ізін қалдырып кету. Жетістікке жету үшін ерен еңбек ету шарт.
Әрбір адам баласында өмірлік арманы немесе көздеген мүддесі болары хақ. Сол көзделген межеге дейін жету үшін нақты әрі қарымды қадамдар жасау керек екені айтпаса да түсінікті. Ғұмыр тарихында жетістікке жетпей, күндік тамағын әзер тауып өткендердің санында шек жоқ. Бұларды ешкім танымайды. Әрине, туған-туыс, бауыр-дос ұмытпайды.
Бірақ әрбір адам өмірге қонақ болып келгеннен кейін белгілі бір деңгейде еліне, ұлтына қызмет жасап, дамуына, жаңа ұрпақтың тамаша өмір сүруіне жағдай жасау жолында үлес қосу қажет. Бұл – азаматтық парыз.
Егер өз мақсатыңызды айқындасаңыз, дәл қазіргі сәттен бастап, нақты қадамдар жасаңыз. Сол іске кірісіңіз. Басталған істі аяқтайтын жауапкершілігіңіз болса, онда сіз жақын арада жетістікке жетесіз.