Жаңалық
NASA астероидтарды неге жақындата береді?
АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) Жерге диаметрі 84 м-ден 190 м-ге дейінгі аралықтағы астероидтың жақындап қалғаны туралы ескертті.
NASA-ның хабарлауынша, 2009 PQ1 деп аталатын астероид 5 тамызда Жерге барынша жақындайды.
Ол біздің планетамыздың қасынан 13,4 км/с жылдамдықпен 3,2 млн км қашықтықта ұшып өтеді. Астероид 2009 жылдың 14 тамызында ашылған болатын.