Жаңалық
«Нәзір» салтын білесіз бе?
Күрделі жұмыс бастағанда (мысалы егін салғанда, үй салғанда) бұрын әр адам «Тәңірім, ісімді оңдай көр» деп «нәзір» жасаған.
«Нәзір» дегеніміз ауылдас адамдарын шақырып, бір малын сойып өзінің бастағалы отырған ісінің мән-жайын айтып әруақтарға дұға оқытып көпшіліктен бата тілейді. «Көп тілегі – көл» дегендей жиналғандар оған «Алла риза болсын», «тілегің қабыл болсын», «ісің оңға бассын» деген сияқты ізгі, баталы, аталы сөздерін айтып ризалық көңілдерін білдіреді. Өзінің әр ісіне ыждағатпен, сеніммен, шын берілгендікпен қарайтын халықтық осы ізгі жол ұлтымыздың жақсы дәстүрі мен әдеп-салтының қасиетін айқындай түсетін тағы бір елдік нұсқа.
Дереккөз: «Жеті қазына» Сейіт Кенжеахметұлы