«Негізгі Заң аптасы» жобасы шеңберінде өтетін іс-шаралар

«Негізгі Заң аптасы» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі іс-шараларының күнтізбелік жоспары
1.«Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың конституциялық-құқықтық тетігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
Конституциялық Кеңес, ҚР Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы. Күні: 2020 жылғы 21 тамыз.
2. «Жыр арқауы – Ата Заң» шығармалар жинағының, «Бала өрген Ата Заң» балалар суреттері жинағының таныстырылымы және мерейтойлық пошта маркасын айналымға енгізу рәсімі.
Конституциялық Кеңес. Күні: 2020 жылғы 25 тамыз.
3. Конституциялық бақылау органдарының Еуразиялық қауымдастығының отырысы.
Конституциялық Кеңес. Күні: 2020 жылғы 26 тамыз.
4. Азиялық конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығы Бас хатшыларының кездесуі.
Конституциялық Кеңес. Күні: 2020 жылғы 26 тамыз.
5. Азиялық конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығының Мүшелері кеңесінің отырысы.
Конституциялық Кеңес. Күні: 2020 жылғы 26 тамыз.
6. «Қазақстан Республикасының конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция.
Конституциялық Кеңес, Әділет министрлігі, Заңнама және құқықтық ақпарат институты. Күні: 2020 жылғы 26 тамыз.
7. «ХХІ ғасырдың Конституциясы – құқық үстемдігі, адам құндылығы және мемлекет тиімділігі» тақырыбында халықаралық онлайн конференция және Азиялық конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығының IV Конгресі.
Конституциялық Кеңес. Күні: 2020 жылғы 27 тамыз.
8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тарихи-деректі онлайн көрме.
Конституциялық Кеңес, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві. Күні: 2020 жылғы 27 тамыз.
9. «Конституционализмнің Еуразиялық үлгісіндегі адами құндылықтар: идеядан шындыққа дейін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай)» 12.00 Конституциялық Кеңес, КАЗГЮУ Университеті 3 тақырыбындағы Онлайн конференция және иллюстрацияланған Қазақстан Республикасы Конституциясының таныстырылымы.
Конституциялық Кеңес, КАЗГЮУ Университеті. Күні: 2020 жылғы 28 тамыз.
10. «Конституциялық құндылықтар жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін қоғамды біріктірудің құқықтық негізі ретінде» тақырыбында халықаралық ғылымипрактикалық онлайн конференция және «Қазақстандық жол: конституционализм, адам, бейбітшілік пен өркендеу» кітабының таныстырылымы.
Конституциялық Кеңес, «Сорбонна-Қазақстан» институты, Н.Ә. Назарбаев Қоры, Абай атындағы ҚазҰПУ, Д.А. Қонаев атындағы ЕЗА. Күні: 2020 жылғы 28 тамыз.
11. «Қазақстан Республикасында қоғамдық сананы жаңғырту аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру және нығайту» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция және Конституциялық Кеңестің қызметі туралы монография мен Қазақстан Республикасы Конституциясының энциклопедиялық анықтамалығының таныстырылымы.
Конституциялық Кеңес, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Күні: 2020 жылғы 1 қыркүйек.
Ақпарат ksrk.gov.kz сайтынан алынды