Жаңалық

"Нұр Отан" партиясы "Рухани жаңғыру" аясындағы жаңалықтарды басты назарда ұстайды

Жуырда аудандық партия филиалының мәжіліс залында Талас аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері қатысты.

Фракция отырысының күн тәртібінде «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының» іске асырылуы және «Қазақстан – 2021 Сайлауалды бағдарламасының» білім бағытының орындалуы туралы мәселе қаралды.

Кез-келген адам өз болашағының жарқын болғанын және дамыған мемлекетте алаңсыз өмір сүргенді қалайды. Ол үшін әрбір адам ілім-білімге ұмтылып, өз Отанының қарыштап дамуына бар күш-жігерлерін салуы керек. Ал, бұл тұрғыда біздің мемлекетіміз азаматтарға барынша қолдау көрсетіп, білім алуларына, олардың өз алдына дамуына түрлі жағдайлар жасауда. Соның бірі әрі бірегейі ретінде «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын» айтсақ болады. Елбасымыз көтерген 5 әлеуметтік бастама елдегі кез-келген азаматтың дамуына жасалған үлкен қолдау.

Бүгінде жеке кәсіп ашып, өз жұмысын өркендетуді ойлайтын азаматтар үшін Елбасы үндеуінде айтылған төртінші бастамада шағын несие беруді көбейту бастамасының берер көмегі көп. Дәл осы төртінші бастамада бәсекеге қабілетті болудың жолы көрсетілген. Елбасы өз сөзінде «Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады», – деді. Расында, заманауи қоғамдағы елдердің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпкерліктің дамуымен өлшенеді.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы бастама бойынша президент биылғы жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп,оның ішіндегі 14 млрд. теңгені шағын қалалар мен ауылдарда несиелендіруді ұлғайтуға ұсынылды. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын несие беруді көбейту бастамасы көптеген жандарға өзінің кәсібін ашуға септігін тигізеді деген ойдамын.

Елбасымыздың төртінші бастамасы «Шағын несие беруді көбейту» бастамасының ауданымызда орындалуы бойынша аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров баяндама жасады.

– Қазіргі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен 2152 субъекті тіркелген, олардың 124-і шағын кәсіпорын болса, 2028-і жеке кәсіпкер, оның ішінде, 773-і шаруа қожалықтар болып табылады. Тіркелген субъектілердің 1820-сы немесе 84,5 пайызы жұмыс істейді.Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 5200 адам жұмыспен қамтылған.

Елбасы айтқан тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалар болса, шағын несие алу арқылы отандастарымыз өздерінің жеке бизнестерін дамытуға мүмкіндік алады.

“Бәсекеге қабілеттіліктің басты өлшемі – бизнесте. Олай болса, мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздің дамуына бірге үлес қосайық”, – деді ол өз сөзінде.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбек Ниязбек:

“Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің бесінші бастамасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғасты­ру», – деп атап өткен Елбасының осы бастамасын қолдай отыра, Талас ауданында 23 елді мекен газдандырылған елді мекендердің саны 9, бұл көрсеткіш 39,1 пайызды құрады Олар: Тамды, С.Шәкіров, Бостандық, Аққұм, Талапты, Тамабек, Тұрымқұл, Ойық, Сейілбек елді мекендері.

Ал, газдандырылмаған елді мекендердің саны – 14, атап айтар болсақ, Ақкөл, Үшарал, Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Қызыләуіт, Ақтөбе, Қайыр, Арал, Майтөбе, Қожағаппар, Есейхан, Қараой, Қасқабұлақ, Көктал елді-мекендері.

Қазіргі таңда, ауданымыздың 5 елді-мекеніне (Бөлтірік ше­шен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр) газ құбырын тар­ту жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші Жамбыл облы­сы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы. Аяқталу мерзімі 2018 жылға жоспарланған. Дегенмен, аталған елді-мекендеріне ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы қарастырылмаған. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда, ауданда газдандырылған елді мекендердің көрсеткіші 60,8 пайызға жетеді”, – деген ол мұнан соң аталған мәселе бойынша мәлімдеме жасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button