Жаңалық
Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарға бекеттер қойылды
Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Елордалық полицейлер енді қаладан шығатын азаматтарға демалыс орындарында шектеу енгізілгені жайында түсіндіріп, бетперде режимін және ара қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескертіп отырады.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды жағдайға түсіністікпен қарап, адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырады.