Жаңалық

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Азаматтық форум өтіп жатыр

форум өтіп жатыр

Елордада кеше басталған VІІІ Азаматтық форум бүгін жалғасын тапты. «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбы арқау болған бүгінгі жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр.

Ауқымды іс-шара Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.

Аталған шараның мақсаты – азаматтық сектордың, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының ашық диалогын дамыту.

VІІІ Азаматтық форумның күн тәртібіндегі негізгі мәселесі – азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Тұжырымдама жобасын талқылау.

Шара барысында әлеуметтік (ҚР БҒМ, ДСМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және экономикалық салаға жауапты министрлермен (ҚМ, ҰЭМ, АШМ), құқық қорғау органдарының өкілдерімен қоғамның өзекті мәселелері талқыланбақ.

VIII Азаматтық форум аясында семинарлар, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, мүдделі ведомстволар басшыларымен салалық кездесулер түріндегі 35 тақырыптық сессия өткізу жоспарланған.

Форумда «Адамдар» (People)», «Планета» (Planet), «Өркендеу» (Prosperity), «Әлем» (Peace), «Серіктестік» (Partnership) атауымен 5 панельдік сессия өтеді. Аталған сессиялар БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының құрамына кіретін тиісті мақсатты топтарды қамтиды.

Жиын бүгін де жалғасын тауып отыр. Бүгінгі шара негізгі пленарлық отырыспен басталып, үкіметтік емес ұйымдарды марапаттау рәсімімен аяқталмақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button