Жаңалық

Өлмейтін өнер

7 қазан күні театрда белгілі әдебиет сыншысы,  көрнекті қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың туғанына 70 жыл толуына және оның жары танымал жазушы Шәрбану Бейсенованың 70 жасқа келуіне арналған кеш өтті.

Өлмейтін өнерhttps://www.auezov-theatre.kz/images/uploads/2017/10/6445ddb894c48d4d5943e920421cedcd.jpg” style=”box-sizing: border-box; border: 0px; vertical-align: middle; max-width: 100%; padding: 0px 15px; width: 900px; height: 530px;” />

Ұлтын ерекше сүйіп, оның рухани жаңғыру жолында жан аямай қызмет еткен Сағат Әшімбаев пен көрнекті сыншының жары, белгілі жазушы, журналист Шәрбану Бейсенованың бұл мерейтойлық кеші ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театр ұжымының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде аталып өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, өскелең ұрпақты патриотизмге, ұлтын, елін,жерін сүюге шақырған бұл кеш Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбектің құттықтау сөзімен басталып, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ел тілегін жеткізген  ықыласымен жалғасса, ақын-драматург, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин С.Әшімбаев туралы әдемі естеліктерін еске түсіріп, Ш.Бейсеноваға жүрекжарды тілегін жеткізді.

«Өлең оқу үшін де өнеге керек» -деп түсінген С.Әшімбаевтың монологын жеткізген Бақыт Беделханның «Сағаттың монологы» атты жыр туындысы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театр артистерінің орындауында әсерлі шықты.

Кеште аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі, Нұрғали Нүсіпжанов бастаған таланттар өнер көрсетті.

Сағат Әшімбаев мұрасының рухани айналымға түсуі үшін көп еңбектенген Шәрбану Бейсенова өз шығармашылығын да қатар алып жүріп, Сүйінбике, Сүзге сынды тарихи тұлғалардың көркем бейнесін жасады. Бұл кеште театр артистері «Сүзге ханымның соңғы күндерінен» үзінді көрсетті.

Еліміздің өркендеп, дамуына өзіндік үлес қосып жүрген С.Әшімбаев ұрпағы бүгінде әке аманатына дақ түсірмей, ұлтымыздың рухани жаңғыру  жолында қызмет етіп келеді. Кеш барысында сөз алған асылдың тұяғы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев әкеден қалған өнеге-өсиетін айтып жиналған жұртты тебірентсе, Шәрбану Бейсенова кеш қонақтарына, жиылған қауымға ризашылығын, ақ тілегін жеткізді.

Елі мен жерін шексіз сүйіп, ұлт мәдениетіне қызмет еткен тұлғаның кеші Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әнімен қорытыланды.

Өлмейтін өнерhttps://www.auezov-theatre.kz/images/uploads/2017/10/f4b5c8816a0bb538b059de4f667717a8.jpg” style=”box-sizing: border-box; border: 0px; vertical-align: middle; max-width: 100%; padding: 0px 15px; width: 900px; height: 530px;” />

Көрнекті сыншы С.Әшімбаевтың мол мұрасы жас ұрпақ үшін сарқылмас қазына десек, оның  ығармашылығын қадірлеген халқы, өзін құрметтеген, адами қасиеттерін бағалаған ел-жұрты барда С.Әшімбаевтың рухы үнемі асқақ болары анық.

Гүлзия Сәдуақас

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button