Жаңалық Редакция таңдауы

Өміріңізді өзгертетін 12 әдет

Өзгеріс ешқашан тоқтамайды. Әр таң сайын сізге жаңа мүмкіндіктер ашылады. Өмір – бұл қозғалыс. Бірақ алға немесе артқа жүруді сіз өзіңіз таңдайсыз! Аз ғана уақытты қажет ететін әдеттер арқылы өмірімізге оң әсер беруге болатындығын кейде көбісі аңғармай жатады.

Денсаулыққа пайдалы әдеттер:

  1. Ұйқыңызды қандырыңыз. Жақсы ұйқы – бұл күні бойына қуат болады. Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтауға тырысыңыз.
  2. Дұрыс тамақтаныңыз. Біздің әл-ауқатымыз бен көңіл-күйіміз тағамға тікелей байланысты. Жаңа піскен (балғын) азық-түлікті таңдаңыз, фастфудпен мен тәттілерден бас тартыңыз. Белгілі бір уақытта кесте бойынша тамақтаныңыз. Уақыт өте келе сіз денедегі жеңілдікті сезінесіз.
  3. Үнемі жаттығу жасаңыз. Өзіңіз үшін жүзу, бокс немесе дене шынықтыру сабақтары сияқты қызықты жаттығуларды таңдаңыз. Егер сіздің кестеңіз бос емес болса және толыққанды жаттығуға уақыт таба алмасаңыз, онда күніне 15 минут үйде жаттығу жасаңыз.

Табысқа жету үшін пайдалы әдеттер:

  1. Таңертең ең қиын тапсырмаларды орындаңыз, сонда сіз ауыр жұмысты күннің басында жасайсыз және кейінге қалдырмайсыз.
  2. Жұмыс уақытыңызды бөліңіз. Уақытты жоспарлап жүрген тиімді.
  3. Жұмыс кезінде демалыс үшін үзіліс жасаңыз. Демалу-кез-келген адамға жұмыс істеу үшін күш береді.
  4. Ең кішкентай жетістіктер үшін де өзіңізді мақтауды ұмытпаңыз. Жұмыстағы кез-келген жеңіс жеке мотивацияға оң әсер етеді.
  5. Уақытты уайыммен өткізбеңіз. Оның орнына жұмыс істеңіз және сонда жақсы нәтиже болады.

Өзін-өзі дамыту үшін пайдалы әдеттер:

  1. Әр апта сайын жұмысыңызды талдаңыз, нені жақсы жасадыңыз, не істемедіңіз және қосымша не үйрену керек.
  2. Кітап көп оқыңыз немесе аудиокітаптарды тыңдаңыз. Кешке кітап оқуға уақыт бөліңіз.
  3. Сериалдар мен ойын-сауық бағдарламалардың орнына онлайн курстарды, вебинарларды, деректі фильмдерді қараңыз. Сіз солай әрі демаласыз және білім аласыз.
  4. Жұмысқа барар жолда пайдалы кеңестер алу үшін музыканың орнына подкасттарды тыңдаңыз.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button