Өңірлік жобалық кеңсе өкілдері орталықта болды
Батыс Қазақстан облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкерлері бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтына іссапармен келді.
Ең алдымен делегация институт басшыларымен және қызметкерлерімен кездесіп, орталықтың жұмысымен танысты.
Дөңгелек үстелде «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасының бағыттары талқыланып, бес жылдыққа бекітілген жоспардың мақсат-міндеттері сөз етілді.
Жоба мақсаты – еліміздің жаңа жаһандық үрдістерге бейімделіп, заманға сәйкес жаңғыру міндетін ойдағыдай еңсере алуы. Сол арқылы, болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін тиімді пайдалану.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бөлім 2018 жылдың шілде айында құрылды.
Өңірлік кеңсе бағдарламаны ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі жол картасын орындау және бағдарламаның 17 арнайы жобасын іске асыру бойынша биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 64 515 адамды қамтыған 816 іс-шара өткізіді. Жергілікті меценаттар есебінен жалпы сомасы 125 млн 301 мың теңгеге 108 меценаттық жоба іске асырды.