Жаңалық
Өңірлік жобалық кеңселермен жұмыс кеңесі өтті
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің ұйымдастыруымен өңірлік жобалық кеңселерге әдістемелік қолдау көрсету бойынша онлайн жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Ұ.С.Тналиев, «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ-ның өкілі С.Б.Молдағалиев, ішкі саясат басқармасының және өңірлік жобалық кеңселерінің басшылары қатысты.
Өз кезегінде Ұ.С.Тналиев өңірлік жобалық кеңселерді дамыту, ішкі саясат басқармалары мен өңірлік жобалық кеңселердің өзара іс-қимылы және 2022 арналған жоспарлар туралы сөз сөйледі.
Қатысушылар қоғамдық даму ісінде пікір алмасу және ұсынымдар форматында осындай талқылаулардың ерекше маңыздылығын атап өтті.