Open Qazaqstan. Қорықтар: Алматы
Бұл жолғы сапарымыз таңғажайыпқа толы, ұлы даланың төрінде кеңінен жайылып жатқан қорық – Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.
Аты айтып тұрғанындай, ерекше қорғауға алынған табиғи аймақ еліміздің ең көрікті шаһарларының бірі, оңтүстік астанамыз – Алматы қаласында орналасқан. Құрылған уақыты – 1931 жыл.
Алматы – талайлардың жүрегін жаулаған әсем қала. Алатау бөктері көптеген тарихи-мәдени оқиғаларға куә болған. Әдеміліктің символы саналып кеткен қалада ерекше қорықтың болуы да заңды.
Алматы қорығы жайында не білеміз?
Алматы қорығы Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан.
Туристерді несімен тартады: жалпақ жапырақты, шыршалы ормандары және Альпі жайылымдарының белдеуі, шатқалдар мен көлдердің бойымен өтетін экологиялық бағыттарымен ерекшеленеді.
Қорықтың көлдері: Ақкөл, Бозкөл таудан бастау алады.
Табиғатты қорғау зонасында арнайы табиғат мұражайы жұмыс істейді. Құрылған мерзімі – 1967 жыл. Онда 300-ден аса көрме қойылымдары бар.
Қорықты мәңгі қар мен мұз жапқан.
Мемлекеттік табиғатты қорғау орнының беткейлері шөптер мен ағашқа бай.
Іле Алатауының жағасына құмды шөл жайғасқан. Сонымен қатар қорықта Іле өзенінің әйгілі Аққұм-Қалқан атты «әнші тауы» орналасқан.
Қорық жануарлар әлеміне де жұтаң емес-ті: 200-ге жуық аң, 40-қа тарта сүтқоректі, 200-ге жақын құс, 10 шақты бауырымен жорғалаушылардың түрлері және мыңдаған алуан-түрлі жәндіктер тіршілік етеді.
Өсімдіктер дүниесі болса 1300-ден асып кетеді. 100-ден аса көпжылғы ағаштар мен бұталар қорыққа ерекше сән беріп, келушілердің көңіл-күйін көтереді.
Халықаралық дәрежедегі құжат – халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енген жануарлар: бүркіт, сақалтай, көкқұс.
«Тарих шежіресі». Осындай атаумен таудың етегінде жатқан аурасы керемет қорықта бірнеше жылдан бері күнделік жүргізілген. Онда көрсетілген деректер Алматы қорығы туралы кітапта жазылған. Аталған кітаптың 9 томы жарық көрген.
Қорық жайлы ақпарат көздерін беретін арнайы сайты – http://www.almaty-zapovednik.kz/
Алматы қорығына апарар жол.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласының арақашықтығы – 1224 шақырым. Алматы қаласы мен қорық орналасқан Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының арасы шамамен 30 шақырымды құрайды. Елордадан оңтүстік астанаға «Тұлпар-Тальго» пойызымен барсаңыз, 14 сағат жол жүресіз. Жай пойыздармен екі қаланың ортасы 22 сағат болады. Ұшақпен 1,5-2 сағатта жете аласыз. Сондай-ақ күніге автобустар мен таксилер қатынайды. Алматы қаласынан Талғар ауданына жету үшін Құлжа тас жолы арқылы жүретін №203 автобусқа мінесіз. Автобус «Саяхат» автовокзалынан жүреді. Таксимен барғыңыз келсе, көшеден тоқтатып, 400 теңге төлейсіз. Баруға ниет білдіруші, оқырман, жолыңыз болсын!