Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін қайта құру аяқталды
Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін қайта құру аяқталды. Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысының министрлікті бөлу туралы шешімі – отандық ғылымның да, жоғары білім беру жүйесінің де, жалпы білім беру саласының дамуы үшін де өте маңызды. Бұл құрылған екі министрлікке алға қойылған міндеттерге және проблемаларды шешуге егжей-тегжейлі назар аударуына мүмкіндік береді», – деп атап өтеді министр.
Оның айтуынша, енді Оқу-ағарту министрлігінің құзырына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері кіреді. Министрліктің қарамағында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету мәселелері де бар. Жоғары білім және ғылым мәселелерімен Ғылым және жоғары білім министрлігі жұмыс істейді. Жаңа министрліктің басшысы – Саясат Нұрбек.